Саңырауқұлақтарды тағамға қолдануға, оларды пісіруге, қуыруға, сондай-ақ кептіруге, тұздауға және маринадтауға болады. Бірақ, өкінішке орай, кейде саңырауқұлақтарды сүйсіне пайдаланудың арты, олармен улануға әкелуі мүмкін.
Уланудың негізгі себебі — улы және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтарды танып білмеу. Соңғы уақытта мутациялау үлкен мәнге ие болуда. Осының нәтижесінде улы саңырауқұлақтардың сыртқы түрі жейтіндерге ұқсап, тіпті тәжірибелі саңырауқұлақ терушілерің өздерін де шатастыруда.
Жіті уланудың себептері -әдетте улы немесе тағамға қолданар алдында арнайы аспаздық өңдеуді талап ететін (сморчки мен строчки) шартты жеуге жарамды саңырауқұлақтарды қолдану. Ең көп таралған улы саңырауқұлақтар: бозғылт поганка, мухомор, жалған опяталардың кейбір түрлері. Әсіресе, бозғылт поганкамен улану қиын, оны көбінесе сыроежкалармен, шампиньондармен шатастырады. Оның уы термоөңдеумен жойылмайды, онымен қоса уланудың белгілерін анықтау қиын. Саңырауқұлақтарды жегеннен соң, алғашқы тәулікте адам өзін дені сау сезінеді, бірақ бұл алдамшы әсер. Уыттар өзінің қара жұмысын бауыр мен бүйректі бұзуға арнағанда, өмірді құтқаруға арналған қымбат уақыт өтіп жатады. Екінші күннен бастап улану белгілері бас және бұлшық ет ауруы, құсу байқалғанымен, удан арылу уақыты өтіп кетеді. Көп жағдай өліммен аяқталады.
Улану улы саңырауқұлақтармен қатар бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін гельвелл қышқылы бар сморчкилар мен строчкиларден болады. Оларды тамаққа пайдаланар алдында қайнатып, суын төгеді. Суға гельвелл қышқылы шығуы нәтижесінде саңырауқұлақтар зиянсызданады.
Жейтін саңырауқұлақтарменде улану болу мүмкіндігін білген маңызды. Ескі саңырауқұлақтарда пайдалы заттармен қатар, адам ағзасына зиянды әсер ететін ақуыздардың ыдырау өнімдері болады, сондықтан тамаққа тек салыстырмалы түрде жас саңырауқұлақтарды пайдалану керек. Саңырауқұлақтар ауадан, судан, топырақтан көптеген улы және зиянды заттарды сіңіре алатын қасиеті бар. Сондықтан, автомобиль жолдарының бойында, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының, аэродромдардың және сыртқы ортаға сынаптың, қорғасынның шығындылары бар басқа да объектілердің жанында саңырауқұлақтарды жинаудың қажеті жоқ. Жейтін саңырауқұлақтар бүлініп, шіри бастағанда олардың өзі де улы болуы мүмкін — мұндай саңырауқұлақтарды тамаққа пайдалануға, әсіресе кептіруге немесе маринадтауға тіпті болмайды.
Егер кенеттен саңырауқұлақтарды пайдаланудан кейін улану белгілері пайда болса (жүрек айнуы, құсу, әлсіздік), онда медициналық көмекке тезірек жүгініңіз. Дәрігер келгенге дейін асқазанды 5-6 стақан аз қызғылт «марганцовка» ерітіндісімен жууға тырысыңыз. Сондай-ақ 10кг салмаққа 1 таблетка есебінен белсендірілген көмірді қабылдаңыз.
Саңырауқұлақтармен улануды болдырмау үшін мұқият болыңыз. Егер сіз саңырауқұлақтарға сенімді болсаңыз, оларды жинаңыз және қолданыңыз, егер саңырауқұлақтан «жеуге» деген кішкентай күмән пайда болса пайдаланудан бас тартқан жөн. Саңырауқұлақтарды шикі күйінде жемеңіз!