Шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескендер ұсталды

фото ТО ПД

Түркістан облысында Көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдіктерге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобы қолға түсті. Оларды ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен 9 күдікті құрықталды. Оның 2-еуі әйел, 7-еуі ер адам. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалғаны жергілікті тұрғындар.

Сондай-ақ полицияға Өзбекстанның 6 азаматы жеткізілді. Тінту нәтижесінде құжаттар мен 6 шетелдік паспорт, патрондарымен «Сайга» аңшы мылтығы, 2 дана есірткі заты бар орама, 16 ұялы телефон, жарты миллион теңгеге жуық қаражат тәркіленді.

Гүлнар Абдужаппарова, Түркістан облысы ПД ресми өкілі: «Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады«.