Шымкентте адам құқықтарын қорғау жөнінде маңызды семинар өтті

Қазақстанда мигранттар мен босқындардың құқықтары қандай? Шымкентте өткен семинарда қоғам қайраткерлері осы мәселені талқылады. Сарапшылардың айтуынша, елге көші-қон ағыны артып, ал Қазақстан азаматтарының мемлекеттен көшіп кетуі азайған. Бұл ретте мигранттарға олардың елде тұру құқықтары мен мүмкіндіктері үнемі түсіндіріліп отырады дейді мамандар. 

Өз құқықтарыңызды білу және оларды қорғау. Шымкентте Қазақстанда адам құқықтарын қорғау бойынша семинар-тренинг өтті. Онда Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ ел аумағында тұратын шетелдіктердің азаматтық, еңбек, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері көтерілді.

Мәселен, Қазақстан еңбек мигранттары үшін танымал елдер қатарында емес. Жұмыс істейтін жандар әдетте Қазақстанға көптеп көшіп келе бермейтін. Дегенмен, өткен жылдан бастап елімізге шетелдіктердің ағыны артып, жұмыс істеуге ғана емес, осында өмір сүру үшін көшіп келетіндер қатары көбеюде. Ал олардың құқығын кім қорғайды? Осы сынды өзекті мәселелер«Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» атты оқыту семинар-тренингінде талқыланды.

Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары: «Адам құқықтарын сот арқылы қорғау, соттан тыс институттар арқылы қорғау, себебі бәрі сотқа бара бермейді ғой. Егер Қазақстанда сіздің адам құқықтарын қорғау жүзеге аспаса, сізді Бас прокуратура бас тартса не істей аласыз? Қандай механизмдер қалды халықаралық деңгейде? Осы туралы біз егжей-тегжейлі айтып береміз».

Семинарға қатысушылар азаматтардың өз құқықтарын сот және соттан тыс қорғауға, азаптаулардан және қатыгездік пен жазаның басқа түрлерінен, қорғануға, білікті заң көмегін алудың маңызды тетіктерімен танысты. Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуде, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда конституциялық құқықтарын білу, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу маңыздылығы түсіндірілді.

Фолькер Фробарт, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы: «Бұл жиынға қатысушы Қазақстан азаматтары да осы және осындай реформалар туралы ақпарат таратуы қажет. Адам құқықтары – ең маңызды тақырып. Мұндай семинар өткізудегі мақсат – маңызды мәселелерге келгенде, шетте қалмай, Қазақстанның белсенді азаматтарының қатарында болу және мәселені шешуге атсалысу».

Сонымен қатар, жиында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды. Семинар-тренинг аясында қатысушылар адам құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасты.