Шымкентте көшенің қақ ортасында BMW көлігі өртеніп кетті

163

Шымкентте BMW маркалы көлігі көшенің қақ ортасында өртеніп кетті. Көлік Назарбаев пен Шаяхметов көшелерінің қиылысына жақындағаны сол капот астынан өрт шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша рөлде әйел адам болған. Ол жанып жатқан көлік ішінен шығып үлгерген.

Көлікті сөндіруге қалалық ТЖД 12 сөндірушісі мен екі техника жұмылдырылды.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресуге барлық күш-жігерін жұмсағанымен көлік түгелімен өртеніп кеткен.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Шығын сомасы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша көлік қысқа тұйықталу салдарынан өртенген болуы мүмкін.