8 сәуір күні елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.
Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті.
Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.
Ал бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында барлық аудандар мен елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізілді.
Солардың бірі Еңбекші ауданы аумағында өткізілді. Аудан тұрғындары, белсенді жастар «Алатау» саябағы мен 11 шағын ауданында орналасқан саябақтың аумағын тазалап, шөптерін орып, ағаштарды әктеді. Сонымен бірге, аудандағы аулаларды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, тазалық жұмыстарына 870-тен астам адам қатысып, 26 арнайы техника жұмылдырылды, 6,4 шақырым аяқ жолды тазаланып, 970 дана ағаш әктеу және қырқу жүргізілді. 48 м3 қоқыс шығарылып, 1150 м ирригациялық жүйелер тазаланды.
Іс-шараға қоғам қайраткері – Қалмұратов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – М.Ділдәбеков, белсенді жас – Қ.Серікбай, қала жастары мен еріктілер және басқа да азаматтар қатысып, атсалысты.