Шымкентте «синтетика» дозалары адресаттарға жетпеді

фото Шымкент ПД

 

Мефедронның жеткізілімін Қаратау ауданының учаскелік инспекторлары үзді.

Полицейлер есірткі курьерін «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізу барысында анықтады. Көше бойында тәртіп сақшыларын көре салысымен жүру бағытын өзгертіп, жасырынуға тырысқан жігіт өз әрекетімен күдік тудырып, тоқтатылған.

Тексеру барысында оның сөмкесінен 35 есірткі орамасы мен жасырын орынды қазып дайындауға арналған бұрағыш құралы табылды.

 

Бұдан бөлек, ер адамның 10 жерге есірткі заттарын тығып үлгергені белгілі болды. Олардың барлығы табылып, тәркіленді.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.