Шымкентте жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

573

Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, белгіленбеген орында әйелімен бірге жолды кесіп өтпек болған ер адамды көлік қаққан. Оқиға Бәйтереков көшесінде (Астана даңғылына жетпей) болған. Жаяу жүргінші есін жимастан жол апаты болған орынды көз жұмды. Оның әйелі зардап шеккен жоқ.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Kia көлігінің 29 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 48 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деді «Жедел шақыру» бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, бұл көшеде бағдаршам оқиға орнынан небәрі 50 метр жерде орнатылған екен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)