Су тасқынынан зардап шеккендерге «Қазақстан халқына» қоры қаржылай қолдау көрсетеді

44
фото Ашық дереккөз

Үкімет басшысы  су тасқынынан зардап шеккен  отбасылар қолдаусыз қалмайды деп уәде берді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге  Қазақстанның бірқатар өңірлерінде  су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Сәйкес шешім қордың төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі кезінде қабылданды. Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі талабы бойынша жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеріс жүргізуі және тиісті сараптама ұйымдарының ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тануы қажет.