Толассыз жауған жаңбырдан Кентауды су басты

430

Кентау қаласы су астында қалды. Әлеуметтік желілерде қаланың бірнеше аумағы су астында қалған сәттің видеосы пайда болды.

Желідегі жазбаларға сүйенсек, толассыз жауған жауын-шашын суы  Кентау қаласына да жеткен. Орталық базар ішіндегі су адамның тізесіне дейін жетіп, ондағы сауда орындарына дейін кіріп кеткен. Сондай-ақ жаңбыр суы Бала Бүргем елдімекеніндегі үй аулаларына дейін жетіп, кей үйлерге зақым келген.

Қала әкімдігі жауын суын сору жұмыстары жүргізілгенін, қазіргі таңда жағдай тұрақты екенін хабарлады.

«15 сәуір күні сағат 16-00-ден 17-10-ға дейін болған жауын-шашынның салдарынан Кентау қаласындағы 3 жеке тұрғын үй мен 1 үйдің жертөлесіне су басу орын алды. ТЖД күштері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері тарапынан суды сору және бұру жұмыстары жүргізілді. Жағдай тұрақты» делінген әкімдік мәліметінде.