Төлебиде оқушы қызды зорлады деген күдікпен жас бала ұсталды

1480

Төлебиде мектеп жасындағы қызды зорлады деген күдікпен кәмелет жасына толмаған бала ұсталды.

Полиция аталған фактіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

«Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Қылмыстың іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Әлеуметтік желілердегі бейресми ақпаратқа сүйенсек, аудандағы ауылдардың бірінде 9 сыныпта оқитын оқушы қыз зорланған. Күдікті ретінде 10-сынып оқушысы ұсталған.

(Фото: ашық дереккөз)