Түркістандық ғалымдар телескоп жасап шығарды

20

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ғалымдары «STEM және креативтілік» оқу-зертханасында 3D-принтерлер мен өзге де жабдықтардың көмегімен телескоп жасап шығарды.

Зерттеу тобы құрамында жоба жетекшісі Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Шерзод Раманкулов, PhD Бақытжан Құрбанбеков, магистр оқытушылар Серік Полатұлы, Нұрқожа Жақсылық, докторант Қажымұқан Келесбаев, магистрант Яхё Каримжанов сынды жас ғалымдар бар.
Ғалымдар телескопты студенттермен бірге тексеруден өткізіп, нәтижесінде айдың анық кескіні алынған.