Жобада көзделмеген жұмыстардың көлемін 900 млн. теңгеге ұлғайтқан

27
фото ҚМА

ҚМА мемлекеттің негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында ірі объектілердің құрылысына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Алматы қаласында сорғы станциясы бар су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу бойынша жұмыстардың құнын көтермелеген мердігер өз есебінен 900 млн теңгеге қосымша жұмыстарды орындайтын болады.

Еске сала кетейік, оңтүстік мегаполистің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы құны 9,1 млрд теңге болатын жобаны іске асыруда.
Бұл қаражатты жобалаушы «ҚазақСантехпроект» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы жасау кезінде құрылыс материалдарын тасымалдау және сатып алу шығындарының құнын арттыру жолымен ұрлау үшін алғышарттар жасаған.
Мониторинг нәтижесінде топырақты тасымалдау арақашықтығы жобада көзделгеннен 30 км жақын екендігі анықталды.
Бұдан басқа, қолданылатын құрылыс материалының көлемі 1,5 мың тоннаға артық жобаланған.
Бағаны асыра көрсету фактісі анықталған кезде объектінің дайындығы 93% құрады, яғни 9,1 млрд теңгенің 8,4 млрд теңгесі игерілген.
Осыған байланысты, ҚМА бастамасы бойынша Алматы қаласының әкімдігі «СапаҚұрылыс 2007» ЖШС бас мердігеріне жобада көзделмеген жұмыстардың көлемін 900 млн теңгеге ұлғайтты (қосымша 500 абонент қосу, құдықтар орнату және т.б.).
Бұл жұмыс әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту процесіне қатысушылар тарапынан ұрлықтың алдын алуға және оларды қылмыстық және сот талқылауларының орбитасына тартудан қорғауға бағытталған.