11 мыңнан астам алкоголь өнімі заңсыз айналымда болған

Әл-Фараби ауданында алкоголь өнімдерімен айналысатын жеке кәсіпкерлердің саны 400-ге жеткен. Олардың заң шеңберінде кәсібін жүргізуін қадағалау міндеті жергілікті салық органдарына жүктелген.

Осыған орай, өткен және осы айда мемлекеттік кірістер басқармасының жоспардан тыс тақырыптық тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның барысында ҚР Әкімшілік және құқықбұзушылық туралы Кодексінің 282, 283 баптарына сәйкес, хаттамалар толтырылып, Шымкент қаласы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Талғатбек Саттаров, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы салықты әкімшелендіру бөлімінің бас маманы: «Сәуір, мамыр айларында Әл-Фараби ауданы аумағында акциз өнімнің заңсыз сатылуын болдырмау, олардың алдын алу мақсатында тексеру рейдтік шаралар жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында жалпы 11 327 бөтелке алкоголь өнімі 4 859 темекі өнімі анықталды. Заңсыз айналымда болған. Құқықбұзушылық жасаған салық төлеушіге қатысты шара қолданылды».