Құзырлы органның тарапындағы ақпараттық жүйелерде жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сенбі күні шетелдік азаматтарға кезекші ХҚКО-лар мен көші-қон қызметтері орталықтарында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
Сондықтан, 25 мамыр күні келесі мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз:
— Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;
— Еңбекші иммигрантына рұқсат беру, мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу;
— Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру.
Бұл қызметтерді көрсету 27 мамырда қайта жанданатын болады.