Алдын алу – салауатты өмірдің негізі

фото den-der.kz

 

 

        Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбанболғандарды еске алу күні ЖИТС-тің таралуын тоқтату, қоғамды  АИТВ және ЖИТС-ті жұқтырған адамдардың проблемаларына назарларын аударту және АИТВ және ЖИТС-тің алдын-алу жұмыстарын күшейту жолымен өткізіледі.

Алғаш рет ЖИТС  құрбандарын еске алу күні 1983 жылы Американың Сан-Франциско қаласында атап өтілді. Бірнеше жылдан кейін осы ауруға қарсы қозғалыстың символы пайда болды.  ЖИТС-тен құрбан болған көптеген адамдарды еске алу үшін  киімге тағылатын  қызыл лента, сондай-ақ  маталардың кесінділерінен тігілген түрлі-түсті киімдер болды. Бұл төлсипаттарды суретші Франк Мур 1991 жылы ойлап тапты. Қазіргі уақытта  Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күнінде осы іс-шараның белсенділері киім-кешектеріне қызыл ленталар тағады. Еске алу күні биыл 40-шы рет 75-тен астам елде өтіп жатыр.

Қазақстан ДДҰ хаттамалары мен нұсқауларын  басшылыққа ала отырып, АИТВ-мен күреске белсенді түрде қатысуда. Сондай-ақ біздің еліміз АИТВ-ға байланысты стигма мен кемсітушілікті тоқтату жөніндегі жаһандық серіктестікке қосылды. Қазіргі уақытта АИТВ жұқтырған адамның өмірінің сапасын жақсартатын, ұзартатын препараттар бар. Соның арқасында науқас толыққанды сау адамдарша өмір сүруге қол жеткіздіре алады. АИТВ инфекциясының таралуын шектеудің  негізгі механизмі инфекцияның алдын алу болып табылады. Әр адам АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, қай жерде және қалай тексерілуге болатынын,  жұқтырудан қалай қорғану керектігін білуі қажет. Жалпы Қазақстанда және соның ішінде Шымкентте құпия түрде жедел және өзін-өзі тестілеу қызметтері, негізгі популяцияға шприц пен презерватив тарату, сондай-ақ  жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі профилактикалық қызметтер көрсетіледі. Әсіресе АИТВ-ның анадан балаға жұғуының алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Халық арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» 2024 жылы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, АИТВ туралы халықтың білімдерін арттыруға бағытталған ақпараттық-танымдық іс-шараларды ұйымдастырып, белсенді қатысуда.