«Будёновское» БК» ЖШС-і балаларды қуанышқа бөледі

121

Балалар күні қарсаңында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Будёновское» БК» ЖШС-і керемет мерекелік кеш өткізді. Мекеме басшылығы «Аялы алақан» оңалту орталығына барып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.

Көңілді аниматорлар, қызықты қойылымдар. Балалар күні қарсаңында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Будёновское» БК» ЖШС-і балақайларға көтеріңкі көйіл-күй сыйлады. Мұндай көңілді кеш балалардың сергек жүруіне көмектеседі дейді «Аялы алақан» оңалту орталығының мамандары.

«Бүгінгі өтіп жатқан іс-шараға балалар жақсы көңіл-күймен қатысып жатыр. Көрсетіп жатқан барлық сиқырларға балалар түгелдей көріп, қызығып отыр. Қуаныштары жүздерінен көрініп тұр. Осындай іс-шара болған күні балалар үйіне өте көңілді қайтады. Өз эмоцияларын аналарына көбісі жеткізе алмаса да, ым-ишара арқылы түсіндіреді. Оны ертеңіне ата-аналар қуанып келіп, жақсы кеш өтіпті ғой деп тілектерін айтып жатады», — дейді оңалту орталығы әдіскерінің м.а. Айгүл Сапарова.

Қазір орталықта 116 балаға қызмет көрсетіледі. Ал мерекелік іс-шараға 70-тен аса тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар бала қатысты. Оларға фокус көрсетушілер көпіршікті шоу, сиқырлы бағдарлама көрсетіп, қайырымдылық кешін нағыз той-думанға айналдырды.

«Балалар күні қарсаңында ерекше іс-шара өткізіп жатырмыз. Ол балаларға арналған шоу, аниматорлар, сурет салу конкурсы. Біздің компания осындай шараларды көп өткізіп тұрады. Ал біздің компания туралы айтатын болсақ, біз уранды өндіріп шығарамыз. Уран өндіруде жер асты сілтілеу тәсілін қолданамыз. Бұл дүние жүзіндегі уранды экологиялық ең қауіпсіз өндіру тәсілі болып есептелінеді. Сондай-ақ біздің компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰК бастаған ESG халықаралық экологиялық стандарты жене Vizion Zero қауіпсіз жұмыс істеу стандарттарын ұстана жұмысымызды аткарып жатырмыз», — дейді «Будёновское» БК» ЖШС-нің бас директоры Дәурен Жансүгіров.

Балақайлар таңмен таласа аулаға шығып, түрлі түсті бояулар конкурсына қатысты. Ал «Буденовское» БК» кәсіпорны ұйымдастыратын қайырымдылық шарасы мұнымен шектелмейді. Жыл сайынғы дәстүр бойынша өнеркәсіп иелері балақайлар мен жастарға қолдау көрсетіп келеді.