Цифрландыру жүйесі өте тиімді

86
фото Отырар.кз

Сауда-саттықпен айналысатын, түрлі қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерге ҚР Салық Кодексіне сәйкес салықтық есептен бөлек, салықты да мерзімінде өтеуге міндеттелген. Бұл міндеттерді ескерусіз орындайтын жеке кәсіпкерлер кәсібін күрделіліксіз жүргізетініне тоқталған сала мамандары, есептілікті мерзімінен кешіктіретін, салықты төлеуді созбалаңға салатын дара кәсіпкерлермен мемлекеттік кірістер басқармасының жауаптылары жұмыс істейтінін жеткізді.

Бақыт Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Олардың  тапсыратын салық есептік нысандары 913 формасы және 200 форма. Әр тоқсан сайын тапсырылады. 31 наурызға дейінгі аралықты 1 сәуірден 15 мамыр аралығында салық есептілігін тапсырады. 25 мамырға дейін салығын төлейді. Бөлшек арнаулы салық режимін қолдануға шақырамыз».

Еліміздегі қарқын алған цифрландырудың жүйелерінің арқасында жеке кәсіпкерлер салықтық есепті, міндетті төлемдерді кеңседен шықпай-ақ кез келген жерден тапсыра алады. Ол үшін Егов порталы, е-Салық-Азамат, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары тәулік бойы қолжетімді.

Бақыт Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Қазіргі таңда саудалардың барлығы Каспи  арқылы жүріп жатыр. Сондықтан көптеген кәсіпкерлердің айналымдары 1 жылда қосымша құн салығына өтіп кетіп жатыр. Сондықтан осы бөлшек салықтық арнаулы режимін қолданып жатқан дара кәсіпкерлерге өте ыңғайлы. 200 адамға дейін жалдамалы жұмысшы алуларына болады».

Дара кәсіпкердің бизнес иесі ретінде тіркеу есебіне, салық режимін таңдау, қолданба чектері бойынша кірістерді есепке алу, салықтық және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасын Е- Салық бизнес мобильді қосымшасы арқылы өндіруге мүмкіндігі бар.

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасының мамандары осы мобильді қосымша арқылы жеке кәсіпкер табысы туралы анықтама, жеке хабарламаларды алуға, автоматтандырылған есептеу нәтижелері бойынша есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуіне болатынын ескертеді.

Салық бұл ел экономикасына тамшыдай болса да қосылатын үлес. Сондықтан да кәсіпкерлер салықтың қарыз екенін, оны төлеу парыз екендігін ұмытпағандары жөн.