Елімізде әрбір бесінші қазақстандық несиені мерзімінде төлемейді

37

Әрбір бесінші қазақстандықтың 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлемдеді. Экономистер қазақстандықтар несиесін қайтара алмайды деп дабыл қағып жатыр. Себебі, біздің елде несие беру мөлшері жоғары және халықтың өмір сүру деңгейі төмен.

22 жастағы Мадленнің мойнында мерзімінде өтелмеген берешегі бар. Жас жігіт алған несиесін жұмыссыз қалғаны үшін төлей алмай жүр.

Мадлен, қала тұрғыны: «Мен несие алған кезде жұмыс істедім, содан кейін жұмыссыз қалдым. Салдарынан 5 ай бойы несие төлемедім. Қазір жұмысқа орналастым, қарызымды біртіндеп өтеймін».

Әрбір бесінші қазақстандық несиені мерзімінде төлемейді. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда 8 миллион 400 мың адамның қарызы бар. Бір жарым миллион адамның мерзімі үш айдан өткен несиесі бар. Бұл борышкерлердің жалпы санының 18 пайызын құрайды.

Экономистердің айтуынша, несиенің мөлшерлемесі жоғары. Сондықтан микрокредиттік ұйымдар үшін оның жылдық мөлшерлемесі 56%-ды құрайды. Бірақ жоғары мөлшерлеме бойынша несие беретіндер де бар. Сарапшылар қарыз алу қолжетімді болу үшін мөлшерлемені қайта есептеу керек дейді.

Марат Әбдрахманов, экономист: «Ресейде әр салада шекті мөлшерлемелер бар. Кубанда шартты түрде макарон өндіргісі келетін адам 8%-бен несие алады. Өзбекстанда шамамен сол мөлшерде. Шекті мөлшерлеме халықаралық есеп айырысу Банкінің әдістемесі бойынша үш әдістемеге ие. Біздің Ұлттық Банк шекті мөлшерлемені 56 пайыз төңірегінде ұстайды».

Несиелеу мөлшерлемесін төмендетуден басқа, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру қажет. Адамдар жалақысының басым бөлігін тамақ, киім және дәрі-дәрмек, коммуналдық қызметтерге жұмсайды екен.

Арман Байғанов, «R-Finance» қаржы кеңесшісі: «1 сәуірден бастап кепіл, кепілсіз, борыштық жүктеме бөлігінде қатаңдатылды — яғни, алынатын табыстың 50% — дан аспайтын бөлігі жабылуы тиіс. Менің ойымша, осы қатаңдықтарға сүйене отырып, жалпы алғанда, сауықтыру, мерзімі өткен қарыздардың үлес салмағын азайтуға болады»

Мамандар халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды дейді. Себебі, кейбір азаматтар қайтара алмайтынын біле тұра қарызға ақша ала береді. Сарапшылар бұл жайлы мектептен бастап түсіндірме жүргізу керек деп санайды.