«IZUMY» сауда орталығында «FJOLLA» түрік брендінің аяқ киімдері таныстырылды

0
Видеодан кадр

«IZUMY» сауда желісі 24 жыл бойы өз тұтынушыларын жоғары сапалы аяқ киімдерімен қуантып келеді. Мұндағы Silvio Totti, Giovane Gentile, Enrico Marinelli, Clays және FJOLLA сынды атақты брендтер эксклюзивті модельдерді ұсынады. «IZUMY» сауда орталығынан кез келген жағдайға арналған ерлер мен әйелдер аяқ киімдерінің кең таңдауын табуға болады.

«IZUMY» сауда орталығында жоғары сапалы ФИОЛЛА түрік брендінің аяқ киімдері таныстырылды. Әйелдерге арналған бұл сауда белгісінің жаңа топтамасында эксклюзивті модельдер ұсынылған. Тиімді баға мен жоғары сапа – түрік брендінің әлемдік нарықтағы басты артықшылығы.

Нигора Баратова, «IZUMY» дүкенінің басшысы: «IZUMY компаниясының нарықта жүргеніне 24 жыл болды. Біз сатып алушыларымызға қуаныш сыйлап қана қоймай, жоғары сападағы тауарлардың кең таңдауын ұсынамыз. Сауда орталығымызда әйелдерге арналған FJOLLA премиум бренді бар. Түрік сауда белгісі жоғары сападағы аяқ киімдерді ұсынады. Ал денсаулықты басты назарға қоятындар үшін Clays брендін таңдауға кеңес береміз. Және де жоғары сұранысқа ие Silvio Totti сауда белгісіне де назар аударсаңыз болады»

«IZUMY» сауда орталығында ерлер үшін де кең ассортимент ұсынылған. Silvio Totti, Giovane Gentile және Enrico Marinelli сынды атақты бренд дүкендерінен эксклюзивті модельдерді таба аласыз. Мұндағы стилистердің сөзінше, азаматтар дүкеннен кез-келген жағдайға арналған аяқ киімді оңай таба алады. Ал олар әдемілігімен ғана емес, жоғары сапасымен де көзге түседі.

Нигора Баратова, «IZUMY» дүкенінің басшысы: «Біздің жеке брендіміз Silvio Totti дүкеніне аяқ киімдердің жаңа түсімі келді. Жазғы маусымға арналған ерекше модельдерді тек бізден таба аласыздар. Giovane Gentile және Enrico Marinelli брендтері ұсынған жоғары сапалы аяқ киімдер де назардан тыс қалмайды. Мұны білетін біздің тұрақты сатып алушыларымыз бірнеше жұп аяқ киімнен сатып алады»

Әр сатып алушы»IZUMY» сауда орталығында сапалы және стильді аяқ киімдерді қолжетімді бағада ала алады. Ал кәсіби сатушы-кеңесшілер әрдайым клиенттің сұранысына сай таңдау жасауға көмектеседі. «IZUMY» сауда желісінің басшылығы сүйікті сатып алушыларын үнемі жеңілдіктермен, бонустармен және бағалы сыйлықтармен қуантып отырады.