Салықтық есептік нысанды табыс ету міндеттелгенін ескертеді

37
фото Отырар.кз

Жер, мүлік, көлік салығынан қарызыңыз болса, тез арада өтегеніңіз абзал. Себебі, берешекті мерзімінде төлемесеңіз өсімпұл есептеледі. Сондықтан мамандар, бизнеске арнап алған жер, коммерциялық объекті бойынша мүлік  салығын төлеуді ұмытпауға кеңес береді.

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы өндірістік емес төлемдер бөлімінің мамандары, салық төлеушілерге 2022-2023 жылы сатылған мүліктеріңізге 700 деген салықтық есепті тапсыру керектігін, тура осындай коммерциялық нысандағы жерлеріңізді сатқан жағдайда 240 салықтық есептік нысанды табыс ету міндеттелгенін ескертеді.

Алтынкүл Архабаева, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: «ҚР Салық Кодексінің  517 бабына сәйкес бизнес объектілері бар дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар 700 деген салықтық есептік нысанды тапсырады. Оның бағалау құнына сәйкес , келісімшартқа сәйкес 700 деген форманы наурыздың 31-не дейін тапсырады».

Көптеген салық төлеушілер салық есептілігін мерзімі аяқталуға таянғанда соңғы күндері тапсырады, бұл өз кезегінде жүйеге және байланыс желілеріне жүктемені өсіреді. Осыған орай, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жүктеменің өсуін болдырмау үшін салық есептілігін алдын ала ұсынуды сұрайды.

Алтынкүл Архабаева, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: «Жалпыға бірдей режимде жұмыс атқаратын салық төлеушілер 701/001 деген салықтық есебін тапсырады. Және 700 деген салық есептілігін  31 наурызға дейін тапсырса, төлемін 10 сәуірге  дейін өтеуі тиіс».

Салықтық есепті және міндетті төлемдерді мерзімінде өтеген жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға өз кәсібін еш күрделіксіз жүргізеді дейді сала мамандары.

Бизнес өкілдері қала экономикасының негізгі драйвері саналады. Сондықтан да бүгінде кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Өз кезегінде кәсіпкерлер де өз міндеттерін ұмытпай, салықты дер уақытында тапсырып отырғаны өздеріне де, қала бюджетіне де тиімді.