Қосымша құн салығын кімдер төлейді?

0

Кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша декларацияны уақытылы тапсыруы қажет. Бұл туралы Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары кезекті рет ескертеді. Ал қосымша құн салығына қатысты құжатты кәсіпкерлерден өзге кімдер тапсырады? Және ол жұмыс әр айдың қай күні аяқталуы тиіс?

Қосымша құн салығы дегеніміз тауар немесе қызмет бағасына қосылатын салық. Қосымша құн салығын кәсіпкерлердің барлығы төлемейді. Дәрі-дәрмек, акциздік маркалар, түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын сататындар салықтан босатылған. Қазақстанда екі түрлі салық мөлшерлемесі бар. 0 пайыз-экспортқа арналған тауарлар, халықаралық тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызметтер үшін жарамды 12 пайыз-ел бойынша сатылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін жарамды.
Нұрмаханбет Сейітқұл, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Қосымша құн салығын төлеу не төлемеу кәсіптің тауар айналымына байланысты. Егер тауар айналымы жылына 20 мың АЕК асса, онда қосымша құн салығын жеке кәсіпкерлер, ЖШС және заңды тұлғалар, елде филиалдары мен кеңселері бар бейрезиденттер, адвокаттар, нотариустар, бағалаушылар және жекеше тәжірибемен айналысатын басқа да тұлғалар төлейді».

Салық мөлшерін төлеушінің жеке кабинетінде анықтап, «е-Салық Азамат» мобильді қосымшасы арқылы, банктердің мобильді қосымшалары, немесе eGov порталы арқылы төлеуге болады.

Нұрмаханбет Сейітқұл, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Кәсіпкерлерді қосымша құн салығы бойынша декларация тапсырулары қажет екендігін ескертеді. 300.00 Нысаны әр тоқсан сайын есеп берген айдан кейінгі айдың 15-не дейін жіберіледі. Ал қосымша құн салығын төлеу мерзімі -25-ші жұлдызымен шектеледі. Егер кәсіпкердің тауар айналымы шектен асып кетсе, онда 10 күн ішінде салық органына ҚҚС бойынша есеп туралы өтініш беру қажет. Әйтпесе айыппұл салынады. Мысалы 1 қаңтар мен 30 тамыз аралығында ЖК айналымы 20 мың АЕК-тен асып кетсе, онда 10-шы қыркүйекке дейін салық органына өтініш беруі керек».

Кәсіпкер ҚҚС бойынша тіркеуге тұруды кешіктерсе, онда оған 50 АЕК, ағымдағы жылы ол- 184 600 теңге, оған қоса тіркеу мерзімін кешіктірген кезең үшін айналымның 15 пайызы көлемінде айыппұл салынады, дейді сала мамандары.