Сарқылмас шабыт иесі: Валентина Куприяновна Куликова 80 жасқа толды

15
Валентина Куприяновна Куликова

Бүгін 11 мамырда Қазақстан өңірлік медиасының беделді де белгілі медиаменеджерлерінің бірі Валентина Куприяновна Куликова 80 жасқа толып отыр. Осы орайда мерейтой иесін өзі басқарған «Отырар» медиахолдингінің бүгінгі басшылығы, бұрынғы және қазіргі қызметкерлері мен шәкірттері құттықтады. 


Валентина Куприяновна Куликованың инстаграм парақшасынан kulikova11051944

ВАЛЕНТИНА КУПРИЯНОВНАДАН АЛҒАН ЭСТАФЕТАНЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

Мамырдың жаймашуақ күндерінің кейіпкері – Валентина Куприяновна Куликова. Қаламыздағы аты аңызға айналған тұлға! 1992 жылы Шымкентте тұңғыш авторлық телеарнаны құрған адам.
Барлығы салыстырғанда байқалады. Телеарна құрылғалы кеше ғана болған сияқты көрінер, дегенмен содан бері 30 жылдан асыпты. Мен 1992 жылы бір жаста едім.
Шымкент телеарнасымен, ал телеарна Шымкентімен мақтанады. Бүгінде «Отырар TV» телеарнасы — бүкіл республикаға қаланың жаңалықтарын таратып, жеткізетін негізгі медиаресурс. Бұл оның негізін қалап, ұзақ жыл басқарған Валентина Куприяновнаның ерен еңбегі. Ол телеарнаның журналистері, операторлары және монтажерлар командасын жаңалықтарды мүмкіндігінше тез жеткізуге баулыды. Өйткені көрерменіміз айналада не боп жатқанын бірінші білуі керек!
Валентина Куприяновнадан алған эстафетаны ары қарай жалғастыруға, соны сақтауға барынша тырысамыз.
Жер бетіндегі әр адамның өмірдегі өз мақсат-мұраты бар. Валентина Куприяновнаның ізгі жолына қарасақ, оның іргелі медиахолдинг құрып, мықты шәкірттер тәрбиелеп, мыңның жұмысын бір өзі атқарғанын көреміз!
Құрметті Валентина Куприяновна, мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулық пен күш-қуат тілеймін! Туған күніңіз көп болсын!
Сізді қатты құрметтейміз!

Ізгі тілекпен:
Әйгерім ЖҰМАҒҰЛОВА, ОTYRAR медиахолдингінің директоры


2024 жылғы 11 мамыр. Мерейтой иесі Валентина Куприяновна Куликова 80 жасқа толған туған күнінде шәкірттерімен бірге Д.Қонаев гүлзары мен Тәуке хан даңғылы қиылысындағы билборд фонында фотоға түсті. Билбордта Валентина Куприяновнаның Шымкент қаласы мен тұрғындарына деген ыстық ықыласы бейнеленген!

Сексеннің сеңгіріне секірген Валентина Куприяновна апамызға дүниедегі бар жақсылық тілегіміз келеді.
Амандық болсын, жамандық болмасын! Арамызда аман-есен жүре беріңіз!
Гүлдей жайнап жүз жасаңыз, Валентина Куприяновна!

Құрметпен: Нұрлан Күдерұлы, 2000-2020 жж.
Отырар ТВ журналисі, “Қала” бағдарламасының авторы


Апамызға дүниедегі бар жақсылықты тілегім келеді. Арамызда аман-есен жүре берсін. Қайғы-мұңы болмасын. Әр күні сәтті де көңілді өтіп, жақсы болсын!

Ізгі тілекпен: Бақыт Умарова, бухгалтер


Отырар ТV телеарнасының ашылғанына 18 жыл толған кездегі редакция ұжымы, 17.11.2010

ВАШ ВКЛАД В СОЗДАНИЕ И РАЗВИТИЕ КАЗАХСТАНСКИХ МЕДИА ОСТАЁТСЯ НЕОЦЕНИМЫМ

Уважаемая
Валентина Куприяновна!
Позвольте выразить Вам самые искренние и сердечные поздравления по случаю Вашего юбилея! Ваш вклад в создание и развитие казахстанских медиа остаётся неоценимым. Вы стали не только основателем первого частного телевидения в Шымкенте, но и его душой, вдохновляя и обучая всех своих коллег на протяжении многих лет.
Ваше присутствие ощущается в каждом проекте, каждом эфире и каждой инициативе телекомпании. Это свидетельствует о глубоком и неизменном отношении к делу всей Вашей жизни. 
Поздравляю Вас и желаю крепкого здоровья и неисчерпаемой энергии! Пусть каждый день приносит Вам радость и удовлетворение!

С наилучшими пожеланиями:
Илхам Ибрагим, Генеральный
директор «Седьмого канала»


Для меня Валентина Куприяновна человек слова!

Сколько было ситуаций, когда наша ВК могла сделать все ради выгоды, но она поступала по совести!
А как она воспитывала и воспитывает молодежь, это отдельная история. 
Со мной было чуть проще, но интересно! Наша ВК вносит своей вклад в развитие журналистики в Казахстане, и этот вклад виден сейчас. 
В ее день рождения, хочется пожелать лишь одного. Творите, наша ВК! Мы вас любим и ценим!
Плывите вперед, а на волны не оглядывайтесь, они так, для красоты!

С наилучшими пожеланиями: Шуддин Саидов, журналист


Валентина Куликова 22 жасар кезінде түскен портрет фотосын ұстап тұр, 11.05.2014

ЖАҚСЫ АДАМДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН!

«Отырар» медиахолдингінің негізін қалаған Валентина Куприяновнамен 24 жыл бірге жұмыс істедік. 1999 жылы Интерньюс-Қазақстан халықаралық ұйымы алғаш рет қазақ тілді журналистерді оқыту курстарын бастаған еді. Телеарнаға аудармашы боп келіп, тілшілікке енді қадам басқан мені, монтаж инженері Нұрғали Матаевты сол курстарға барып, үйреніңдер деп жіберді.  Сол курста жас тілшілер арасында ұйымдастырылған «үздік бейнесюжет» конкурсына қатысып, Венгрия елінде өткен «Орталық Азия телевизиясын дамыту және арнайы репортаж» тележурналистер курсының грантын ұтып алдым. 1 жарым ай Будапешт телеарналарында тәжірибе арттырдық. Міне, бұл салаға мен осылай келдім. 
Ары қарайғы шыңдалуыма көрерменнің өзі куә. Жаңалықтар, авторлық  бағдарлама, арнайы жобалар. Редактор, бас редактор. Мұның бәрі Куликова ханымның сенімі мен қолдауы арқасында. Артық айтқаным емес. Иә, ол кісі жұмысқа келгенде мінезді, талапшыл. Шын мәнінде, мейірімді әйел. Талабы бар жастарды жақсы көреді. Талай қыз- жігіттер Куликова мектебінен өтіп, бүгінде ел журналистикасында, басқа да салаларда мықты маман болып танылып еңбек етіп жүр. 
Мерейлі жасында мен Валентина Куприяновнаға деннің саулығын тілеймін. Жаратқан сыйлаған әрбір жарық күн ойындағыдай өтіп, сүйікті қаласы Шымкенттің өркендеп дамығанына куә болсын. Құрметтеймін. Жақсы Адамды жақсы көремін.

Зәуре Оралбаева,
журналист-редактор


ӨЗІНДІК МЕКТЕБІ БАР ҰСТАЗ

Валентина Купряновнамен 2010-2015 жылдар аралығында қызметтес, әріптес болдым. «Рабат» газетінің қазақша нұсқасын шығарсақ…» деген ұсынысына әрине, көп ойланып, түрлі толқыныстан соң келістім. Себебі, аудандық басылымда аударма газетте қызмет атқарғандықтан қазақ аудиториясына аудармадан гөрі өз алдына дербес басылымның қажеттілігі маңызды екенін 90-шы жылдары-ақ сезінгенмін. Осы ойымды бірінші күні-ақ айттым. Валентина Купряновнаның да негізгі мақсаты осы екен. «Рабатта» оқырманға керек пайдалы кеңес көп жарияланады. Қазақ тілді аудитория соны білсе деймін. Басқа тақырыптарың қайталанбайтын болғанымен, дәл осы тұрмыста аса қажет кеңестерді әзірге аударып беріп ұсынып отырсаңдар. Өз тақырыптарыңа біртіндеп өте бересіңдер сосын» деді. Келістік. Келісімнің соңы «Оңтүстік РАБАТ» газетінің өз бет бейнесі, өзіндік мазмұны, өз оқырманының қалыптасуына ұласты.
Редакциямызға сайдың тасындай мықты журналист қыз-жігіттер топтасты. Дәурен Әбдіраманов, Тағабай Қасым, Жәнібек Нұрыш, Гүлнұр Сәтбаева, Айжан Ермекқызы, Әйгерім Бегімбет, Ақмарал Алтынбекқызы, Жансая Тәуекелқызы сынды жаңашыл, жас таланттар тоғысқан редакциямызға тележурналистер де атсалысып жататын. Газет оқырмандар өз еркімен жазылып, іздеп жүріп оқитын басылымға айналды.
Етене қызметтес болған бес жылда Валентина Купряновнадан үйренгенім көп. Ең бастысы маған сенім арта білгені үшін құрметтеймін. Журналистикада жүрген 34 жылымда түрлі қызмет атқарсам да басшылық қызметті сеніп тапсырған Куликова ханым болғаны рас. Үйретуден жалықпайтын апа (ол кісіні бәріміз де осылай атаймыз) Астанаға да, Алматыға да семинар-тренингтерге жіберіп, конвергентті редакция, бүгінгі медианың бағыт-бағдары қандай болуы керектігі жайындағы білім-біліктілігімді арттыруға үнемі көп күш салды. Бұл үшін ризамын!
Телеканалдың ғана емес, газеттің де өз сайты болуын талап ете жүріп, сол жылдары өңірде алғашқылардың бірі болып «Оңтүстік РАБАТ» басылымның электронды нұсқасын жасадық. «Отырар» медиахолдингі өзгелер үшін тәжірибе алмасу алаңына, біліктілікті арттыру мектебіне айналды. Телеканалдан бөлек екі басылымы, ютуб каналы, бірнеше сайты бар бұл мектептің тілшілері қай салаға салсаң да шыңдалып шығатын.
Осының бәріне қол жеткізуге В.К.Куликованың нақты жоспары, талапшылдығы негіз болды.
Бүгінде мерейлі жасқа толып отырған апамыз жайлы айтарым көп-ақ. Бастысы апамыздың өмір жасы ұзақ болсын. Өз мектебін қалыптастырған, әсіресе аймақтағы БАҚ арасында конвергентті редакция ұйымдастыра білген алғашқы медиа-менеджер, білікті басшы екенін мойындау қажет. Бүгінде елімізде ғана емес шетелдік телеарна, сайтта қызмет атқарып жүргендер арасында Куликованың шәкірттері баршылық. Осының бәрі де білікті ұстаздың еңбегінің жемісі.

Жәмила МАМЫРӘЛІ,
«Оңтүстік РАБАТ» газетінің
2010-2015 жж бас редакторы.


Отырар TV телеарнасының 25 жылдық мерейтойы, 18.11.2017

ОДИН ИЗ ЛУЧШИХ УЧИТЕЛЕЙ В МОЕЙ ЖИЗНИ

Валентина Куприяновна, поздравляю Вас с юбилеем!
Вы один из лучших учителей в моей жизни. Благодаря Вам я пришла и на долгие годы осталась на телевидение.
До сих пор помню как проходила собеседование. Я тогда волновалась.
Если вначале мне казалось, что Вы были очень требовательны ко мне, то потом я поняла, что это была Ваша вера в меня.
Знания, навыки и опыт, который я получила работая с Вами до сих помогают мне в профессиональной сфере и личной жизни.
Рада, что мне довелось работать в Вашей команде, в окружении людей, которых Вы помогли стать профессионалами своего дела.
Мне нравилось, что в коллективе была здоровая конкуренция и благодаря этому каждый получал возможность расти профессионально.
Для меня Вы отличный руководитель, яркая, харизматичная, сильная личность, неунывающий и уверенный в себе человек.
Желаю Вам неисчерпаемой энергии, оптимизма, здоровья.

С уважением Жанат
Худайберген, телеведущая,
журналист, тренер по голосу, речи и выступлениям.


СІЗ САЛҒАН ІЗ – САРА ЖОЛ!

Көзқарасынан, әрбір сөзінен суреттеу өнері төгіліп тұратын аңыз әйел — Валентина Куликовамен осыдан бірер жыл алдын ғана таныстым. Өкінішке қарай мен ол кісімен тікелей жұмыс істеп,  «қатал мектебінен» өткен жоқпын. Дегенмен қолынан қанат қаққандар оның қалай бір мезетте « тым қатал басшы» әрі «жанашыр жол көрсетуші» бола алатынын аузының суы құрып айтады. Бүгінде Валентина ханымның шәкірттері арысы халықаралық, берісі Республика, облыс деңгейінде қалам тербеп, бұл салада өзіндік орнын тапқан. Даңқты әйелдің қандай ұстаз болғанын осыдан-ақ түсінуге болатын шығар деп ойлаймын. 
Ал мен осы мүмкіндікті пайдаланып, қазыналы жасқа жеткен Валентина Куприяновнаның туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тілшілік тіршілікке талай тұлпарды баптап қосқан, шығармашылық қажыр-қайраты кемел аңыз — әйелге денсаулығыңыз мықты, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын деген тілек арнаймын.
Құрметті Валентина ханым! Сіз салған із соқпақ емес, сара жол. Сіздің тәліміңізді алып, сол жолмен жүрген талай журналис халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап ел көңілінен шығып жүр бүгінде. Сондықтан сіз туралы, сіздің елеулі еңбегіңіз туралы әлі талай айтылатын, жазылатын болады. Сеніңіз! Жүзіңізге күлкі үйіретін, қуанышты күндеріңіз көп болсын.

Малика Қанжарбекқызы,
“Отырар TV” телеарнасының
редакторы


Валентина Куприяновна Куликованың инстаграм парақшасынан kulikova11051944

МАҒАН ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ҮЙРЕТКЕН АДАМ

Валентина Куприяновнаның қанатының астына кіргенімде жасым небары 20-да болатын. Содан 15 жыл бойы менің екінші анамдай болды. Сол кісіге қарап бой түзедік, тәжірибе алдық. Журналистиканың қандай болатынын сол кісіден үйрендік. Қатал, тәртіпті бірінші сатыға қоятын ірі тұлға деп сеніммен айта аламын. ВК-дай басшының қол астында жұмыс жасағанымды мақтан тұтамын. Менің мінезімнің қалыптасуына, маман болуыма үлкен септігін тигізген азамат.
Бүгінде хабарласып, кеңес алып тұрамын. Мотивация береді. Кезінде көп сөзінің қадірін түсінбеген екенмін. Қазіргі таңда айтқан ақылдарын орындауға тырысамын. Мен үшін орны бөлек. Валентина Куприяновна, мың жасаңыз.

Сарбиназ Алдабергенова,
журналист.


Валентина Куприяновна Куликова

ЕҢБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ТҰСАУЫМДЫ ВАЛЕНТИНА КУПРИЯНОВНА КЕСКЕНІНЕ МАҚТАНАМЫН

Оқу бітіргенім кеше, бірақ “бәрін білем” деген түйіндемемді “Отырар” телеарнасының күзетшісіне апарып бердім. Ертеңіне сізді Валентина Купряновна қабылдауына шақырып жатыр деп хабарласты. Аты-жөнін естіп қобалжып қалғанымды жасырмаймын. Өйткені орысшам онша емес еді. Содан тәуекел деп бардым.Әдемі әйел Алматыда оқып,мұнда неге келдіңіз дегеннен бастап сұрақты жаудырып жатыр. Түсініп тұрмын, бірақ сайрауға шама жоқ.Содан шынымды айттым,қазақша сөйлейінші дедім.Ол кісі күлді де,ертеңнен бастап келіңіз деді. Сол 2005 жылдың қазан айында каналға кіргеннен қимай-қимай 10 жылдан соң бір-ақ шықтым. Валентина Купряновна мені әбден еркелете жүріп, телеарнадағы барлық жұмысты жасауыма мүмкіндік берді.Аудармадан бастаған мен, соңында шеф-редакторлыққа дейін қызмет жасадым. Ол кісі сюжеттердің құрылымынан бастап, бізге дұрыс дауыс қойып, эфирге киетін киім киісімізге дейін үйретті, қадағалады. Апам (жақсы көргеннен осылай атайтынбыз) ұжымда қанша адам болса әрқайсының қырын,қабілетін тану жағынан ешқашан жаңылмайтын.Әсіресе барлығына бірдей мүмкіндік беретінін құрметтеймін.Қазір республикалық арналардың арасында “Отырарда” жұмыс істеген десе, о мықты онда деген сөз қатар жүреді.Ол қаншама жыл сол телеарнаны басқарған Валентина Куприяновнаның үлкен, адал еңбегінің жемісі. Басқарды дегеннен гөрі, отымен кіріп, күлімен шықты деген дұрыс сияқты. Еңбек жолымдағы тұсауымды Валентина Купряновнаның кескенін мақтанышпен үнемі айтып жүремін. Ұстазымды мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.Сіздің журналистикадағы қаншама жанға сіңірген еңбегіңізді аса құрметтеймін.Шәкірт тәрбиелеуден талмаңыз, ұзақ жасаңыз.

Ғалия Қылышбаева, 2005 -2015 жж “Отырар TV” телеарнасының жаңалықтар қызметінің шығарушы редакторы, тележүргізуші


ЖАНАМ ДЕГЕН ЖҮРЕККЕ ОТ БЕРГЕН

Валентина Куприяновнаның есімімен 90-жылдардың соңында таныс болсам да, 2011 жылдан бастап бірге жұмыс істеу бұйырыпты. Жеті жыл үзілістен соң журналистік жолды “Отырар” телеарнасында жалғадым. Валентина Куприяновнаның адам танығыш қасиетіне қанық болдым. Медиада жұмыс істеуге ұмтылған әрбір жастың бойында титтей ұшқын болса жүрегіне жігер, жанарына от сыйлай білетіндігіне тәнті болдым. Талапшыл, рас. Кейде тым талапшыл боп көрінетін. Сол қамшылауы талайға өмірлік сабақ болды. Сұлулықты сүйіп, әдемілік пен әсемдікті, тазалықты кәсібиліктің бөлінбес бөлшегі деп бағалайды. “Отырар” телеарнасының көрермені де мұны эфирден кезінде бағамдайтын.
Валентина Куприяновна МЕЙІРІМДІ басшы. Жұмысқа келгенде қаншалықты қатал, талапшыл болғанымен соншалықты мейірімге толы жан. Бірде ауырып тұрып тікелей эфирде таңғы бағдарламаны 2,5 сағат жүргізіп шықтым. Эфирден соң міндетті түрде директормен талқылап, келесі бағдарламаларға жоспар құру керек. Кешкі жаңалықтарды жүргізу сол күні менің кезегім еді. Кабинетіне кіре сала Валентина Куприяновна мазасызданып тұрғанымды бірден байқап, бәрін жиып тастап, өзіңе қара деп сол күнгі жұмыстан босатты. “Сен көп балалы анасың. Балаларың жас. Денсаулығыңды күт. Емделу керек болса, емдел, қажет болса демалысқа шық. Ең алдымен балаларыңа керексің,”- деп аналық жылы сөзбен, мейірімді жүрегімен, жанашырлығымен жанымды емдегені есімнен кетпейді.
Заман талабын алдын ала бағамдайтын көрегендігі де көпке аян. Өңірде конвергентті журналистиканы ең алғаш меңгерген “Отырар” медиахолдингінің журналистері болды. Алыс жақын шет елдерден мықты мамандар шақырып бізді оқытты. Кәсіби шыңдалуға қамшылады. Жанам деген жүрекке от берген ҰСТАЗ!
Валентина Куприяновнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Көрермені, оқырманы, шәкірттерінің ақ тілегімен ұзақ өмір сүріп, кейінгіге жол көрсетіп аман болсын деп тілеймін! Денсаулық, жақсылық, шуақты күндер тілеймін, Валентина Куприяновна!

Жанар Есенбекова
журналист, тележүргізуші


Құрметті Валентина Куприяновна,

Сізді келіп жеткен 80 жасыңызбен құттықтаймын! Мен Отырар ТВ келген кезімде өте жас болатын едім. Сіздің талапшылдығыңыздың арқасында, қатайдым. Үлкен тәжірибие алдым. Нағыз ұстаз, жанашыр, анамыздай болып кеткенсіз. Деніңіз сау, өмір жасыңыз ұзақ болғай.

Венера Нұрғалиқызы, Отырар TV заңгері


БІР ӘУЛЕТТІҢ БАЛАСЫНДАЙ ЕДІК

Әлі есімде, 2006 жылдың мамыр айында «Отырар-ТВ» телеарнасының жүгіртпе жол жарнамасынан аудармашы қажет деген хабарландыруды оқып, түйіндемемді өткіздім. Кейін барлығымызды сұхбаттасуға шақырып, мәтін аудардық. Содан жасы үлкен екі үміткерді алып қаламыз деген Валентина Куприяновна «Егер қаласаң, кеңсе-менеджерінің орны босағалы тұр, сол жұмысты істеуіңе болады» деді. Қалай болғанда да телевизия саласына кіруге құлшынып тұрған мен келістім. Сөйтсем, кеңсе-менеджері деп аталатын қызмет бір жағынан кеңсенің кіреберісінде отырып, күзетші қызметін де атқарады екен.
Телевизия саласындағы алғашқы қадамым осылайша басталып кетті. Күнде журналистердің жұмыс барысында, телеарнаның ішкі өміріне куә бола отырып, жас тілшілермен таныстық, бірден араласып кеттік. Бір күні әріптесім Ғалия Қылышбаеваның кешкі эфирге арналған мәтінін орысшадан қазақшаға аударып, өзі келгенше дайындап қойдым. Келген соң қуанып кеткен Ғалия сол мәтінді оқып шығыпты. Осылайша басшылыққа мен туралы ұсыныс жасап, қатарынан аудармашылық қызметті бастап кеттім. Кейін Максим Шишкин деген бейнемонтажер досымнан бейне және аудио өңдейтін арнайы бағдарламаны үйреніп алып, бейнемонтажер болып толығымен ауыстым. Осы арада айта кету керек, Валентина Куприяновна мені «тілші бол» деп, қанша рет үгіттесе де техникаға қызығып, қала бердім. Дегенмен, араға бірнеше жыл салып, тікелей эфирдің бейнемонтажері, тікелей эфирдің редакторы қызметтері сеніп тапсырылды. Осы арада тілшілік қызметті де меңгеріп, таңғы сазды бағдарламаның, «Ақпарат» жаңалықтар қызметінің шығарушы редакторы қызметін атқардым.
Мұның бәрі еске түсіп отырған себебі – қызмет жолымда Валентина Куприяновнаның, бас редактор Зәуре Оралбаеваның, жалпы, барлық әріптестің қолдауын үнемі сезініп жүрдім. Жалпы, телеарна ұжымы, асырып айтатын ештеңесі жоқ, бір әулеттің баласындай ұйымшыл едік. «Отырар» медиахолдингіндегі 12 жылым нағыз жастық шақтың қызу кезеңіне тура келген екен.
Азды-көпті тәжірибелі маман ғана емес, өмірлік ұстанымы бар, көзқарасы қалыптасқан тұлға ретінде шыңдалуда телеарнаның орны бөлек деп айта аламын.
Ал Валентина Куприяновнаға зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!

Нұрлан Бектаев,
“Отырар TV” телеарнасының 2006-2017 жылдардағы тілшісі, редакторы.


«СЕНІҢ ҚОЛЫҢНАН КЕЛЕДІ» ДЕП ҚОЛДАЙТЫН

Валентина Куприяновна мені өз қанатының астына 19 жасымда алды. Жап жас менің бойымнан дубляжға деген қабілеттімді ашты. Түрлі дауыста сериал , мультфильімдердегі кейіпкерлердің даусын салып дыбыстайтынбыз. Ешқашан қолыңнан келмейді демейтін үнемі қолдап сенің қолыңнан келеді деп қанаттандырып отыратын.
Сонымен бір күні аяқ асты сен жаңалық жүргізесін деп кесіп айтты. Абдырап қалғаным рас, бірақ апамыздың тік мінезінен қымсындым ба білмеймін бірден келістім. Қазір таң қаламын бірден тікелей эфирге қалай шығып кеттім деп. Міне содан бастап мен телеарнаның ішкі өміріне түпкілікті кірістім. Аллаға шүкір тек жүргізуші ғана емес жастар жаңалығы, фильм жасау барлығын апамыздың қолыңнан келеді деген қанатты сөздерінің арқасында жасай беріппіз. Арасында ұрсып алатын. Сол кезде аздап ренжісек қазір күліп еске аламыз. Валентина Купряновнаның тек мықты кәсіби ұжым тәрбиелемеді сонымен бірге сол қызметкерлерді өз баласындай жақын тартқанының арқасында қазір әлі күнге дейін қанша жыл өтседе біз жақын туыстай араласып тұрамыз . Жақсылығымыз да қайғымыз да да біз біргеміз. Әлі күнге дейін апаммен байланысымыз үзілмеген. Хабарласып тұрамыз балаларымның жағдайын сұрап тұрады олар меніңде немерелерім деп.
Валентина Купряновнаға туған күнінде ең алдымен мықты денсаулық қажымас қайрат тілеймін!

Жәмила Майлыбаева,
тележүргізуші


«Валентина Куприяновна – это локомотив, …»

Есть люди о которых говорят- горы свернут. Именно так можно сказать о Валентине Куприяновне. Я пришла в далеком 1997 году работать на телеканал «Караван» ( так он назывался) , и через 20 лет это уже большой медиахолдинг, куда входили кроме телеканала «Отырар»,газеты «Рабат» и «Онтустик Рабат», два сайта и набирающий популярность инстаграмм . Валентина Куприяновна- это локомотив, который внедряет свои идеи в жизнь и двигает весь коллектив по намеченному пути. Желаю большой жизненной энергии и воплощения творческих замыслов

Галина ТРОЦАН,
ст. менеджер рекламного отдела «ОтырарTV»


Валентина Куприяновна Куликованың инстаграм парақшасынан kulikova11051944

БЕСЦЕННЫЙ ПРИМЕР ДЛЯ ВСЕХ НАС!

Уважаемая Валентина Куприяновна!
Сегодня великая честь поздравить вас с заслуженным признанием и уважением, которые вы получаете как авторитетный и почетный человек, стоявший во главе ведущего шымкенсткого телеканала  «Отырар-ТВ» и газеты «Рабат». Ваша неоценимая роль в формировании и развитии медийной среды не только в Шымкенте, но и за ее пределами, оставляет непередаваемый след в сердцах многих.
Ваше наставничество и поддержка были для меня источником не только профессионального роста, но и вдохновения. Благодаря вашему мудрому руководству и глубоким знаниям, я смог стать успешным журналистом на республиканском уровне. Ваша неоценимая доброта и чуткость делали каждое наше общение для меня ценным уроком.
Ваш вклад в развитие телевидения, профессиональное становление журналистов и формирование открытого общества останется в истории как одно из величайших достижений. Поздравляем вас с этим заслуженным успехом и желаем вам дальнейших творческих побед, ведь ваша энергия и страсть к делу – бесценный пример для всех нас!

С уважением:
Ваш ученик, Бахрамбек Талибжанов.


«ОТЫРАР TV» — ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҰСТАХАНАСЫ

2012 жылдың жазында қолыма диплом алған соң, редакцияларды аралап жұмыс іздей бастадым. Ол кезде mail.ru, m-agent-тің заманы еді ғой. «Оңтүстік Рабаттың» сол кездегі бас редакторы Жәмила Мамырәлі апайға да агентте жаздым. Жәмила апай «ертең, сағат 11.00-де Төреқұлов 15 мекенжайға кел. Валентина Куприяновнаға ертіп кіремін» деді. Жоғары оқу орнын Алматыда оқысам да орысшам өте нашар еді. Мен орысша ойымды жеткізе алмайтынымды, сөйлей алмайтынымды айттым. Жәмила апай «өзім аударып беріп тұрамын, қорықпай келе бер» деді. Ұяң, ұялшақ едім. Бар батылдығымды жинап, ертеңіне айтылған уақытта «Отырарға» келдім. Апаның кабинетіне кірдік. Әлі күнге дейін есімде, әңгімелесуде Валентина Куприяновна маған «Отырарда» қандай бағдарламаларды көресің? Бағдарламаларда қандай кемшілік бар деп ойлайсың? Телеарнаға жұмысқа тұрсаң кәсіби түрде қандай өзгерістер жасағың келеді?» деген сынды үш сұрақ қойды. Қазақша жауап бердім. Оны Жәмила апай орысшаға аударып берді. Сосын апа маған екі апта практикадан өтуді ұсынды. Екі аптадан кейін «Оңтүстік Рабат» газетіне корректор болып жұмысқа орналастым. «Оңтүстік Рабат» газеті, «Отырар» телеарнасы — менің ең алғашқы ресми жұмыс орным болғандықтан әлі күнге дейін ыстық. «Сен корректорсың» деп қарамай, өзімді жан-жақты сынап көруге көп мүмкіндік берді. Апаның идеясы таусылмайтын. Жиналыстан кейін бізге әртүрлі кішкентай-кішкентай газет қиындыларын таратып беретін. Әртүрлі тақырыптарды ұсынатын. Және ол тақырыпты жазудың 5-6 түрлі жолын көрсететін. Шаршамайтын. Жеті ай ғана жұмыс істеп, сосын бір жылдан кейін қайта келгенімде «тағы бұлқан-талқан боп кетіп қалмайсың ба?» деп күліп, екінші рет жұмысқа қабылдаған. «Отырар» — журналистердің ұстаханасы» дейді ғой. Аз уақыт болса да «Отырардың», апаның мектебінен өткеніме қуанамын.  Валентина Куприяновна апаға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін. Алғысым шексіз!

Әйгерім Бегімбет, фотограф-журналист.


Валентина Куприяновна мен Жәнібек Нұрыш&Жанерке Хумар, Отырар TV телеарнасының 25 жылдық мерейтойында, қараша 2017

КЕЗ КЕЛГЕН ТЫҒЫРЫҚТАН ЖОЛ ТАБАТЫН АДАМ

2013 жылғы маусымда «Отырар TV» телеарнасына келдім. Валентина Куликова әңгімелесіп, журналист Сарбиназ Алдабергенованың рекомендациясы бойынша мені сынақ мерзімімен қабылдады. Ай өткенде Жәмила Мамырәлі бас редактор боп отырған «Оңтүстік Рабат» газетіне штатқа алды. Міне, содан бері «Отырар» медиахолдингіндегі еңбек жолым жалғасып келеді.
Валентина Куприяновнаның үйреткені көп. 2015 жылы күзде газеттің редактор орынбасары боп тағайындалдым, кейін редакторы болдым. Сенбі күні де жұмысқа шығатын. Мен де шығамын. Газеттің әр бетін талқылап, макетін сызып, артық-кемін түзетіп, баспаға кеткенше басы-қасында жүретін.
Қазақ тілін білмесе де мақаланың не туралы екенін тақырыбынан-ақ түсінетін түйсігіне таңғалатынмын. Идея ұсыну, тақырып таңдап, ұсынған тақырыпты дамытуға өте шебер.
Редакцияда түрлі жағдай болады. Газет баспаға кетпей қалу қаупі туып, еш амал қалмағанда абыржымай, жол табатын. «Жанибек, всегда есть выход» деп тығырықтан шығар жолды көрсететін.
Туған күніңіз құтты болсын, Валентина Куприяновна! Сізді жақсы көреміз!

Жәнібек Нұрыш,
Ontustik Rabat газетінің редакторы


Бұл құттықтау тілектері Ontustik Rabat газетінің

№18-19 санында (02.05.2024 ж) жарияланды

Бетті дайындаған: Жәнібек Нұрыш