Шымкентте әйел 4 -қабаттан секіріп кетпек болған…

фото Отырар.кз

Шымкентте әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болды.  Күні кееше Шымкенттегі Т. Айбергенов көшесінде жантүршігерлік оқиға болды: әйел тұрғын үйдің 4-қабатының терезесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Жантүршігерлік оқиғаны жолдан өтіп бара жатқандар байқап қалған, олар дереу полицияға хабарласқан. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келді.

Әйелдің мұндай шарасыз қадамға баруына итермелеген себептер әлі белгісіз. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.