Шымкентте домофон қызметі үшін төлемақы арзандай ма?

44

Шымкенттегі үш домофон оператор компанияның қызметі тексеріліп жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің қызметкерлері нарыққа талдау жүргізді. Белгілі болғандай, компаниялар клиент үшін бәсекелесудің орнына ынтымақтастық жасасқан.

Еркебұлан Қалқұлов, Шымкент қаласы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті тергеу бөлімінің бас маманы: «Тергеу барысында олардың арасында бәсекелестік жоқ екендігі анықталды. Олар көрсететін қызмет түрлерін бір мекен-жай бойынша көрсетіп келген. Барлық құжаттар, мөрлер, қызметтік жазбалар бір кеңседегі шкафта болған».

Сот сөз байласу фактісін дәлелденген деп тапты. Енді компаниялар айыппұл төлейді. Қазір мамандар Шымкент тұрғындары үшін домофон ақысын төмендетуді көздеп отыр.

Асқар Нұрманов, Шымкент қаласының тұрғыны: “350 теңге, көп сияқты, бірақ домофон қажет. Себебі әр түрлі адамдар бар, олар интеркомсыз кіре алады”.

Ал қала тұрғыны Ұрпан Сәрсенова бір үйдегі пәтер саны көп болса, бір жылда айтарылқтай қаражат жиналады дейді.

Ұрпан Сәрсенова, Шымкент қаласының тұрғыны: “Адамдарға түбіртектер келеді, сондықтан олар төлейді. Не үшін? Білмеймін. Біз есікті орнатқан кезде қызмет үшін өзіміз төледік. Ай сайын электр энергиясы үшін төлеймін”.

Шымкенттегі көпқабатты үйлерді домофонсыз елестету қиын. Қазір мегаполисте осы бағытта қызмет көрсететін 16 компания бар.

Евгений Яворский, адвокат: «Олар сатады, сату құнын алады, содан кейін қызмет көрсету шарттарын жасайды. Бұл жай ғана ақша алу үшін ойлап тапқан әрекеттері. Сіз жай ғана жоқ қызметтерге ақы төлейсіз. Бұл менің жеке пікірім».

Осыған дейін департаментке қала тұрғындарынан шағым түспеген. Домофонға төлеу керек пе, жоқ па? Шымкенттің бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментінде нақты жауап берілмеді. Адамдар қандай да компанияның қызметіне жүгінгенде, алдыменен келісімшарттарды мұқият зерделеуі керек екені жөнінде кеңес берумен шектелді. Сот шешімімен келіспеген заңсыз әрекетке барған компаниялар шағым түсіре алады. Айтпақшы, олардың нарықтағы үлесі 88 пайыздан асады. Сот шешімі заңды күшіне енген кезде оларға 70 миллион теңге қайтаруға тура келеді.