Шымкентте есірткі өткізумен айналысатын ер адам ұсталды

31
фото Шымкент ПД Видеодан кадр

Шымкентте мефедронның 2 мыңнан астам дозасы тәркіленді. Есірткі сатушыны жедел уәкілдер Абай ауданының аумағында ұстады.

Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған заттар, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды. Ер адам ғаламтор арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындар туралы ақпарат алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, өткізумен айналысқан. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бауыржан Қарбеков, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі: «Есірткі өткізумен айналысатын ер адам Абай ауданының аумағынан ұсталды. Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған заттар, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде».