Шымкентте көлік тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші белгіленбеген орында жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Шамамен 50-60 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
«Шұғыл шақырылым» тілшісінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 16 мамыр күні сағат 22.00 шамасында болған.
«Kia Carnival көлігін тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші Темірлан тас жолы бойымен келе жатып, әуежайдан кейін жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам алған ауыр жарақатынан сол жерде көз жұмды»,-деді бағдарлама тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнынан бірнеше ондаған метр жерде жаяу жүргіншілер жолағы болған.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Көлік айыптұраққа қойылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram