Шымкентте нан мен тоқаш пісіретін цехта өрт шықты

5

(фото: Шымкент қ. ТЖД)

Шымкентте нан мен тоқаш өнімдерін пісіретінін цех отқа оранды. Жалпы ауданы 2500 шаршы метр бір қабатты ғимараттың шатыры мен жабдықтар өртенген.

Оқиға Азат шағынауданында болған.

Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт 1248 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде сөндіріп үлгерді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда.