Шымкенттегі дендросаябаққа кіру уақыты ұзартылды 

175

Енді Шымкенттегі дендросаябаққа келушілер таңғы 05:00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін серуендей алады. 

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһарды жаяу аралау барысында ерекше қорғалатын табиғи аймақ саналатын дендросаябаққа кіру уақытын ұзарту бойынша тапсырма берген. Мұндай шешім қабылдануына тұрғындар өтініші себеп болған.

«А.Асқаров атындағы дендросаябақ — шаһарда маңызды саналатын орындардың бірі, тұрғындар үшін таптырмас тынығу аймағы. Күннің аптап ыстығында қала тұрғындары да, қонақтар да осында келіп, серуендеп, тал көлеңкесін саялайды. Сонымен бірге күн сайын таңертең денсаулығына бейжай қарамайтын шымкенттіктер кәрі-жасына қарамай саябақта дене шынықтырумен айналысады. Сол себепті тұрғындардың өтінішін ескере отырып, саябаққа кіру уақытын таңғы 05:00 ден түнгі сағат 00:00 ге дейін ұзарту бойынша шешім қабылданды»,-делінген әкімдік мәліметінде.

(Фото: Видеодан кадр/t.me/shymkentgov)