Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өтіп жатқан Азия чемпионатында Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева чемпион атанды.
Алғашқы белдесуде жерлесіміз Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек финалда үндістандықты ойсырата жеңді. Шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті.
Таеквондодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Жұлдызай Махмуджанқызы қаламыздың намысын талай додада абыроймен қорғап жүр.
Айта кетейік, ересектер мен жастар арасындағы сайысқа Қазақстан Ұлттық құрамасынан 300, оның ішінде Шымкенттен 10 спортшы қатысуда. Жеңімпаз Греция астанасы Афинада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ Азия чемпионатында алтын алған спортшылар жыл соңына жоспарланған Анталия қаласындағы Панкратион спортынан әлем әемпионатында да өнер көресететін болады.
(Фото: Шымкент қаласының білім басқармасы)