«Таза Қазақстан» акциясы аясында Бадам өзені бойы тазартылды

0
фото Отырар.кз

«Таза Қазақстан» акциясы Тұран ауданында жалғасын тапты.

Бұл жолы 150-ге тарта коммуналдық қызметкер, ақсақалдар кеңесі мүшесі мен жастар Бадам өзені бойын қоқыстан тазартты. Ол үшін 15 техника жұмылдырылған. Игі шараға атсалысқан билер қауымы бұл еліміздің экологиялық жағдайына әсер ететінін жеткізді.

«Қаланың тазалығы – өзіміздің тазалығымыз. Айналайын, жұртым, көшеге әр түрлі затты тастай бермеңіздер. Бір ғалым: «Әркім өз айналасын тазартса, әлем таза болады» деп айтқан екен. Тазалық өзімізге байланысты. Елімізді таза ұстайық», – дейді Тұран ауданының төбе биі Сембек Битаев.

Акция «Орталық саябақта» және Әл-фараби ауданына қарасты тұрғын үй аулаларын тазартумен жалғасты. Онда 13 техника мен 500-ге тарта адам аумақты күл-қоқыстан арылтты. Сонымен қатар, қураған шөптерді ору, ағаштарды әктеу, сырлау сияқты жұмыстар атқарылды.