(Көрнекі фото/zabrab75.ru)
Қызылорда облысынан экскурсияға шыққан «Газель» өртенді. Көлік ішінде жүргізуші мен 16 оқушы болған.
Оқиға «Шымкент-Самара» автожолында орын алған.
Төтеншеліктердің мәліметінше, көлік толығымен өртенген. Жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгеріпті.
Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда.