Түркістанға түркиялық Жоғары сайлау кеңесінің мүшелері іс-сапармен келді

32

Түркістанға түркиялық елшілер іс-сапармен келді. Жоғары сайлау кеңесінің мүшелері Күнгей өңірмен мәдени-рухани ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Түркия Республикасының Жоғары сайлау кеңесінің мүшелері Түркістанға іс-сапармен келді. Бауырлас ел өкілдері екі жақты мәдени-рухани байланысты нығайтуға мүдделі. Олар жастар арасындағы ынтымақтастықты арттырсақ дейді.

«Қ.Ясауи кесенесі орналасқан түркі әлеміне ортақ шаңыраққа келгенімізге қуаныштымыз. Біз бауырларымыздың ықыласына ерекше алғыс айтамыз. Расында мәдени, тарихи қарым-қатынасты үздіксіз дамыта отырып, келер ұрпаққа өнеге етіп қалдыруымыз керек. Бұл бағытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы универтитетінің үлесі ерекше. Жастарымызбен кездесіп, тарихи өңірдің киелі мекендерін аралау жоспарда бар. Біз әрбір қазақ бауырымыздың бойынан біздің елге деген құрметті байқаймыз. Бұл – екі бауырлас ел арасындағы терең байланыстың белгісі»,- дейді Түркия Республикасы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер.

Түркиядан қонақ болып келген белгілі аспаз жігіт Бурак Өздемирді мысалға алған өңір басшысы екі елі арасындағы достықты нығайту үшін барын салатынын жеткізді.

«Бұған дейін Түркиядан 1-2 белді қонақ келген. Олар «біздің жастар Түркістанды қала ма, ел ма? Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қайда? Білмейді екен. Жастарымыздың бәрі Еуропаға еліктеп кеткен. Мен енді келіп біліп жатырмын», деді. Енді осы істі сіз болып, біз болып жалғастырайық. Тағы да біздің елге қош келдіңіз», — деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Айта кетейік, былтыр 5 қарашада пилоттық режимде Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандарының әкімін сайлауы өтті.