(Фото: pixabay.com)
Криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқан Шымкент қаласының тумасына сот үкімі шықты.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғаны үшін ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот талқылауы барысында оның «Binance» платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталған.
Қалалық прокуратура мәліметінше, 5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.