Жетісайлық жас полиглот 8 тіл біледі

23
фото ТО ӨКҚ

Жетісай ауданында 8 тіл білетін жас полиглот тұрады. Облыстық иран этномәдени бірлестігінің мүшесі Шахназ Сачиди 1999 жылы Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік ауылында туылған. Ауылдағы №21 Ю.Гагарин атындағы мектепті 2017 жылы тәмамдаған. 2018-2022 жылдар аралығында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде екі шет тілі мамандығы бойынша білім алған.

Шахназ қазіргі таңда сегіз тілді жетік меңгерген. Алты тілді бала кезден өз қызығушылығымен үйренген. Атап айтсақ, қазақ, орыс, өзбек, парсы, түрік, әзірбайжан тілдері. Ал ағылшын тілі мен қытай тілін университет қабырғасында оқып жүріп үйренген.
2023-2024 жылдары аралығында «Шабыт» шығармашылық орталығында «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмыс істеген.
Шахназдың ендігі арманы – Қытай елінде білімін жетілдіріп, туған жерге оралып, өзінің жеке оқу орталығын ашу. Мектепте ұстаздық етіп, оқушыларды білім нәрімен сусындатқысы келеді.