16 маусым — Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық көліктер тегін тасымалдайды

фото Отырар.кз

 

16 маусым — Құрбан айт мерекесіне орай қала тұрғындары мен өзге де қонақтарына қоғамдық көліктерде тегін жүру ұйымдастырылады. Яғни, айттың алғашқы күні қоғамдық көліктер жолаушылар үшін тегін тасымалдау қызметін көрсететін болады.

Қоғамдық көліктер сағат таңғы 06:00-ден бастап жолаушыларды тасымалдайды. Қоғамдық көліктердің қозғалысын «i-Kolik» мобильді қосымшасы арқылы онлайн бақылай аласыздар.