Asar House Plus жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Шымкентте жаңа, заманауи тұрғын үй кешені ашылды. Asar House Plus экологиялық таза, М-75 қатты керамикалық кірпіштен тұрғызылған. Тұрғын үй кешені өңірдің климаттық ерекшеліктерін және әлемдік құрылыс стандарттарын ескере отырып әзірленген. OКS Group басшылығы өзінің кезекті жобасының ашылуын балаларды қорғау күніне орайластырды. 

Базаркүл Рахметсахықызы алғашқылардың бірі болып Asar house Plus жаңа тұрғын үй кешенінен заманауи және жайлы пәтер сатып алды. 55 жастағы әйел қоныс тойын керемет дастарханмен, аниматорлармен, думандатып өткізді. Мерекені OКS Group компаниясы ұйымдастырды. Жаңа үйге қоныстанушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Базаркүл Рахметсахықызы, пәтер иесі: «Бүгін маған көптен күткен пәтерімнің кілті табысталды. OКS Group компаниясын таңдағаныма өте қуаныштымын. Бүгін мен көршілермен танысамын. Бізбен бірге қуанышымызды бөлісіп, балаларды қорғау күніне орай осындай тамаша мереке ұйымдастырғаны үшін OKS Group компаниясына рахмет«.

Asar House Plus – бұл заманауи 5 қабатты тұрғын үй кешені. 130 пәтер қазіргі барлық талаптарға сай күйдірілген кірпіштен салынған. Ол қолайлы және дамып келе жатқан Shymkent City ауданында орналасқан және жайлы өмір сүруге барлық ыңғайлы жағдай жасалған. Мұнда автономды жылыту, дыбыссыз лифттер, балалар спорт алаңдары, work out аймақтар, супермаркет, мектеп, саябақ және жабық аумақ тыныштық пен қауіпсіздікке кепілдік береді.

Асылжан Құртаев, OКS Group құрылыс компаниясының директоры: «Бұл кешеннің артықшылығы – сапа және құрылыс мерзімі жағынан сенімділік беретін кепілдік бар. Біз бұл кешенді бір жыл ішінде аяқтадық. Бұл мерекені балаларды қорғау күніне орайластырдық, себебі кез-келген отбасында ең үлкен бақыт- балалар«.

OКS Group компаниясы көптеген жылдар бойы – салымшылар өздерінің армандаған пәтерін сатып алу үшін, сондай-ақ ең қолайлы несиелеу бағдарламасын таңдай алуы үшін Отбасы банкімен жұмыс істейді.

Еркін Ахыншаев, «Отбасы банк» АҚ директорының орынбасары: «Дәл осы үйде біздің 36 салымшымыз армандаған кілттерін алды, олар өз армандарына жетті. Біздің Банктің барлық салымшыларына «Сандық»,»Отау», «Наурыз» бағдарламалары бойынша пәтерлер ұсынылады. Сондай-ақ, олар Банктің басқа да бағдарламаларын пайдалана алады«.

2015 жылдан бастап OКS Group компаниясы тұрғын үй кешендерінің құрылысын белсенді жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта компанияда 15 нысан бар, оның 10-ы пайдалануға берілген. Бүгінде 5 нысан құрылыс сатысында.

Instagram: @oks.group
Байланыс нөмірі: 8 (778) 006 90 80