Биыл Түркістанда 159 тұрғын үй пайдалануға беріледі

30

Түркістанда бірнеше маңызды нысан бой көтеріп жатыр. Сондықтан облыс басшысы құрылыс жұмыстарымен танасып қайттты.

Бұл биыл ел игілігіне берілетін Достық үйінің құрылыс барысы. 4 қабаттан тұратын ғимараттың аумағы 4 мың шаршы шақырымды құрайды. Мұнда түрлі этнос өкілдерінің орталығы орналасады деп жоспарланған. Өңіріміз үшін маңызды нысан жұмысымен облыс басшысы арнайы барып танысып қайтты.

Ал «Turkestan-Arena» стадионында халықаралық талаптарға сай жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Бұған дейін нысан 12 мың адамға шақталса, қайта жөндеуден кейін тағы 5 мың орын қосылмақ. Сонымен қатар алаңға Испанияда өндірілген жасанды көгал төселді.

Сондай-ақ облыс әкімі жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Қазір әкімшілік-іскерлік орталық аймағында 20 көпқабатты үй салынып жатыр. Оның жалпы ауданы 145 мың шаршы метрге жуықтайды. Жаңа нысан пайдалануға берілсе, 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады. Ал жыл соңына дейін 159 үй ел игілігіне беріледі.