Кентау қаласының азаматы 2024 жылғы сәуірайында түнгі уақытында Кентау қаласындағы А.Яссауи даңғылында көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сотта құқық бұзушы бұған дейін дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін Кентау қалалық сотының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың талабымен 15 (он бес)тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 (жеті) жылмерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалғаны анықталды.
Осыған орай, құқық бұзушы қайта жасаған құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасы Қылмстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігінде
көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп
танылып, оған осы баппен көлік құралдарын басқару құқығынан өмір
бойына айыра отырып, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру
жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.