Мектеп бітіру кештері: Полиция рейд жүргізуде

31
фото ТО ПД

 Келес АПБ Жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Б.Құрманқұлов және полиция капитаны Т.Садырбаев және ӘЗЗҚТ-ның қызметкері полиция майоры Э. Есенқұловалар, ҚР ІІМ-нен 2024 жылдың 31 мамырында N1-5-5-6-78/3125-И санды нұсқаулығына сәйкес, Келес ауданы аумағында білім беру ұйымдары түлектерінің мектеп бітіру кештерін өткізу бойынша түрлі мерекелік іс-шараларды тойхана, мейрамхана, кафе-барларда ұйымдастырып, өткізілуіне қатаң тиым салынатындығы жөнінде қатаң ескерту шараларымен таныстырып, ескертпе қағаздарымен әр бір жеке кәсіпкер иелеріне таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Келес АПБ қызметкерлерімен «Ескерту» шараларын жүргізуінің бірден бір мақсаты, жастар мен жасөспірімдердің арасындағы түрлі құқықбұзушылықтар, қылмыстар, ертежүктіліктің, хабар-ошарсыз үйден кетіп жоғалулардың алдын алу, жолын кесу, болдырмау болып табылады.
 Сондай-ақ, жеке кәсіпкер иелеріне Заңда көрсетілген жауапкершіліктері, ондағы ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы яғни, /Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта сағат 22: 00 ден таңғы сағат 06:00 ге дейінгі аралықта заңды өкілдерінің бірге еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде жол бергені/ бойынша жеке кәсіпкер иелеріне 50 АЕК, ал жеке тұлғаларға, яғни жасөспірімнің ата-анасына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып жауапкершіліктері қаралатындығы жөнінде айтып түсіндірілді.