Келес аудандық сотымен, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК-нің) 73-1 бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған 2006 жылғы 29 қарашада туған жасөспірімге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы Б. 26.03.2024 жылы Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Біртілек ауыл округі Оразата ауылына қарасты мал жайылымында бас араздық салдарынан ІІІ-топтағы мүгедек жәбірленуші А-ны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген. Сотта Б. кінәсін мойындамай, жәбірленуші А-ға қол жұмсамағанын көрсеткен.
Соттың қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен әкімшілік 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген.