Пісіп тұрған қырыққабатты сатып алатын адам жоқ

53

Жетісайлық шаруалардың тер төгіп еткен еңбегі желге ұшқалы тұр. Себебі егіс алқабындағы қырыққабат өсіп, жинауға дайын болғанмен, сатып алушы жоқ дейді диқандар. Сөздерінше биыл нарық бағасы жылдағыдан әлдеқайда төмен. Салдарынан олар өнімді экспортқа шығармақ түгілі, жұмысқа жұмсаған шығынды да ақтай алмай қалатын болдық деп алаңдаулы.

Мәселен, жергілікті тұрғын Марат Бұхарбаев егістікке 12 млн. теңге жұмсаған. Өнімді баптап өсіріп, енді сатып пайдасын көремін деп отырғанда алушы таппай көкөніс жарамсыз халге түскен. Сондықтан ол басқа дақыл түрін егу үшін қазір жерін қайта жыртуға кірісіпті.

Марат Бұхарбаев, шаруа: «Бұрындары сол Ресей алып жатқан. Былтырлары да Ресей жақсы алды. Бірақ биылғы жылы алымсақтар, сатып алушылардың келуі өте жәй болды. Енді мына қырыққабатымыз күтіп тұрмай, барлығы жарылып кетті. Жарылып бітті. Енді оны дискілеп, турап тастап жатырмыз»

Ауыл шаруашылығы мамандары бұл жағдайды қырыққабатқа сұраныстың болмауымен түсіндірді. Биыл 1200 гектар жерге осы көкөніс егіліп, басым бөлігі далада қалған. Ал шығынды өтеуге бюджеттен қаржы қаралмаған.

Нұртас Тұрсынбеков, Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
«Мемлекет тарапынан қырыққабат өнімінің шығынына қаражат қарастырылмаған. Бізде оның орнына басқа дақыл егуге болады. Егер шаруалар аламын десе қаржы инститиуттарына келіп, құжаттарын тапсырып, несиелерін алуға болады»