«Қызыл сызықтағы» құрылыс нысандарының жәйі талданды

34
фото САӘБҚ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Ақсукент ауылындағы Абылай хан көшесін абаттандыру бойынша құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді.

— Қазіргі таңда аудан аумағында бірқатар нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солардың ішінде ауданның инженерлік жүйелерін жақсарту және жол жиегіндегі «қызыл» сызықта орналасқан нысандарды бұзу жұмыстары — басты назарға алынған. Бірақ бұл жерде ескеретін бір жәйт, көшелерді кеңейткенімізбен, тұрғындардың тұрғын үй құрылысына және кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмейтіндей кешенді шараларды қарастыруымыз қажет,- деді аудан әкімі.
Бүгінде «Технический надзор» ЖШС техникалық қадағалауындағы ««Сақ-Құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан жүргізіліп жатқан нысанда бұзу, тегістеу, даярлау (демонтаж) жұмыстары толық аяқталып, аяқжол салынуда.
Аралау барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарының барысын бақылай келе, жауапты мердігер мекеме өкіліне бірқатар сын-ескертпелер айтып, жұмысты тиянақты және уақытылы тапсыруды айтты. Бұдан бөлек, жауапты бөлім және сала басшыларына жұмыс барысын ұдайы бақылауда ұстауды жүктеді.