Шымкентте өрттің алдын алу бойынша рейд жұмыстары жүруде

31

Мегаполисте өрттің алдын алу жұмыстары бойынша рейд жүргізілді. Мұндағы мақсат тұрғындарға оқыс оқиға бола қалған сәтте қалай әрекет ету керектігін түсіндіру болып табылады. Құтарушылар төтенше жағдай кезінде әрбір азамат қарапайым ережелерді білуі тиіс дейді.

Бұл монша кешенінде өрттің алдын алуға бағытталған рейд әңгіме форматында өтіп жатыр. Мамандардың сөзінше, бұл техника өрт кезіндегі қарапайым ережелерді тез әрі дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Еліміздің басты байлығы – адамдар. Құтарушылар мемлекет басшысының осы сөзін қайталаудан талмайды. Мамандар, көбіне мекеме қызметкерлерінің төтенше жағдайда не істеу керектігін жақсы білетінін айтады.

Әбдінұр Темірбаев: «Қаратау ауданының төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен ауданда орналасқан «Фатима» монша кешенінің қызметкерлеріне өрттің алдын алу жұмыстары мен өрт кезінде қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді. Қарапайым қағидаларды қызметкерлер біледі, алайда олардың білімін дамыту мақсатында осындай шаралар ұйымдастырылады»

Кешенге жылу мен ыстық су беретін қазандық маңында да профилактикалық әңгіме жүргізілді. Құтқарушылар қазір Шымкентте өрт қаупі жоғары болғандықтан тұрғындар әртүрлі оқыс жағдайға дайын болу керектігін айтады.