Шымкентте патрульдік полицейлер көшеде талып қалған балаға көмектесті

37
фото ШПД

Аманат Галиден мен Бексұлтан Оңалбаев көшеде талмаға ұшыраған 2 жасар бүлдіршінге дер кезінде көмек көрсетті.

Қала көшелеріндегі тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аялдамаларының бірінде құлап, есінен танып жатқан баланы байқаған. Жанындағы анасы қорыққаннан не істерін білмеген. Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы бір жағымен жатқызып, алғашқы көмек көрсетті. Аз уақыттан соң ол есін жиып, өзіне келді. Кейін полицейлер баланы қызметтік көлікпен, кептеліссіз, бірнеше минут ішінде ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.
Осылайша, құқық қорғаушылар жедел және үйлесімді әрекеттің арқасында тағы бір өмірді сақтап қалды.
“Жақсысы, біз дәл сол сәтте жақын маңда болдық. Қажет кезде көмекке келу – біздің міндетіміз” — дейді офицерлер.