Мемлекет басшысы жол құрылысының барлық кезеңдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша тапсырма берді.
Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен қала әкімдігі, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері мен қоғам белсенделерінен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлардан жұмыс тобы құрылып, жол құрылысы барысына мониторинг жүргізіледі.
Бүгін Жұмысшы топ тапсырыс берушілер мен мердігерлермен кездесіп, жол құрылысы барысындағы мәселелер мен объектілерге мониторинг жүргізу кестесін талқылады.