Super bol жобасының үшінші маусымының финалдық матчы өтеді

34
фото ШқІСжЖБ

15 маусым күні Шымкент қаласының Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында super bol жобасының үшінші маусымының финалдық матчы жоспарланған.

Шоу-матчта концерт ұйымдастырылады, онда қазақстандық эстрада жұлдызы, рэпер Калифорния, жастардың сүйіктілері — 2rar және ADIL сондай-ақ Qarakesek өнер көрсетеді.

Сағат 18.30-дан бастап көрермендер үшін фуд-корт, аниматорлар, бет бояулары, түрлі байқаулар мен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұл достармен әрі жанұямен келіп уақыт өткізуге арналған таптырмас алаң. Барлығыңызды күтеміз