Түркістан қаласында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

32
фото ТҚПБ

Түркістан облысы бойынша 2024 жылдың маусым айының 17-21 күндері аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осыған байланысты, Түркістан қаласы көлемінде 2023 жылдан бүгінгі күнге дейінгі салынған айыппұлдарды өндіру бойынша Сот орындаушылармен біріге жұмыстар атқарылуда.

Өндірілмеген айыппұлдар бойынша мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында әкімшілік істер Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы Түркістан облысы бойынша атқарушылық округіне жолдануда.
Аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақытында, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7 тәулік ішінде 50 % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100 %-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеміз. Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 40 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында Сот орындаушыға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығы туралы ескертеміз.