Ағымдағы жылғы 22 сәуірден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталған болатын. Іс-шараға республикалық бюджеттен Түркістан облысына 14 миллион теңге шамасында қаржы бөлінген.
Айта кетсек, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне, оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес 100 АЕК немесе 369 200 теңгеге дейін сыйақы беріледі. Сондай-ақ тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Сондықтан тұрғындар заңсыз сақтап жүрген ата, әкеңізден қалған, тауып алған тіркелмеген қаруларыңыз болса, тиісті органға тапсырыңыздар.