Жасанды интеллект тақырыбында баяндаманы үздік қорғаған сайрамдық мұғалім сертификат иеленді 

27
фото ТОӘБҚ

Қазақстан Республикасында білім беру саласының оқытушылары арасында биылғы жылдың 10 маусымында Дубай (БАӘ) қаласында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Халықаралық конференцияға Түркістан облысының Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты N74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрилла Ділдан қатысты.
Білім беру саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық «ХХІІ Global teaching Dubai» бағдарламасы аясында Дубай қаласында өткен 108 сағаттық семинарына белсенді қатысып, өзінің ғылыми ізденістері мен озық тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың қорытындысына сәйкес, жаңашыл ұстаз «Білім саласындағы жасанды интеллект» тақырыбында баяндаманы үздік қорғағаны үшін халықаралық дәрежедегі сертификат және І дәрежелі дипломмен марапатталды.