Жол бойына төгілген қоқысты түнде тазалады

27
фото Отырар.кз

Тұран ауданының әкімі қала тұрғындарына жүгінді! Ауданды түнгі аралау барысында Берік Әшірбеков арнайы қоқыс жәшіктеріне жетпей жолға төгілген қоқыс үйіндісін байқаған. Тұран ауданының басшысы тұрғындарды жауапты болуға және тазалық сақтауға шақырды. Әкімдік өкілдері құқық бұзушыларды тауып, айыппұл салатынын жеткізді.

Берік Әшірбеков, Тұран ауданының әкімі: «Құрметті тұрғындар, қазір түнгі сағат бірде қызметкерлер қоқысты тазалап жатыр, бұл жігіттер де сіздердің балаларыңызбен жасты. Сіздерден қоқысты белгіленбеген жерге тастамауларыңызды сұраймын. Біз қоқысты тастаған азаматты міндетті түрде анықтаймыз. Бұлай істеуге болмайды!»

Адамдар қоқысты белгіленген орынға жеткізбей, жолға төгеді, салдарынан санитарлық-экологиялық мәселе тудырады. Ал тазалық қызметкерлері Шымкент таза болу үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Тұран ауданындағы адамдар қолдан жасаған қоқыс үйінділерін коммуналдық қызметтер тазартуға мәжбүр болды. Тәртіп орнату үшін қосымша, түнгі ауысым жұмысқа тартылды.